Жеке деректер тарап кеткені туралы ақпараттан кейін қазақстандықтар цифрлық қауіпсіздік мәселесіне алаңдай бастады. Желі қолданушылары жеке тәжірибесін, лайфхактарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әңгіме eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, жақында ғана іске қосылған Nomad Guard қызметі туралы болып отыр.
"eGov жүйесіндегі Nomad Guard-ті көрдіңіздер ме? Сол жақтан жеке деректеріңізді кім және қашан таратқанын көруге болады екен. Менің жағдайымда тамақ жеткізу қызметі және спорттық тауарлар дүкені болған", - деп жазды қолданушылардың бірі әлеуметтік желіде.
Бұл қызмет деректеріңіз қай сайттар немесе платформалар арқылы тарап кеткенін, күнін және тараған ақпарат тізімін көрсетеді.
Nomad Guard-ты қолдану үшін:
Еске салайық, бұған дейін 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені, бұл ел халқының басым бөлігін қамтитыны хабарланды.
Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!