- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар жаңа оқу...
Қазақстандықтар жаңа оқу жылына дайын ба?
Былтырғы оқу жылының төртінші тоқсанында қандай қате ескерілді? Мұғалімдер қашықтан оқытуға дайын ба? i-balaqai talks жобасының арнайы шығарылымында қонақтар қазақстандық оқушыларға арналған жаңа жағдайлар, техникалық жабдықтау, балалардың, ата-ана мен педагогтердің психикалық дайындығын талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Спикерлер:
• ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари;
• "Қазақстандағы жаңа мамандықтар Атласы" жобасының басшысы, BTS Digital білім беру орталығының басшысы Саясат Нұрбек;
• Montessori Qazaqstan Қоғамдық Қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов;
• Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы және бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаев;
• Шоқан Уәлиxанов атындағы мектеп директоры Олег Пак;
• Электрон білім беру жүйесіндегі Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Рауан Кенжехан;
• Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман;
• "Пифагор" математикалық мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы, сарапшылар кеңестерін бөлісіп, арнайы мәселелер бойынша ұсыныстарын айтады.
Бүгін, 24 тамыз сағат 17:00-де Tengri-TV-дің YouTube-арнасында спикерлер "Жаңа оқу жылы: online vs offline" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Жүргізуші - журналист, телерадио жүргізушісі Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Видео-сұхбатты сағат 17:00-де Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және 18:00-де I-BALAQAI-дың YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің Facebook, "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көруге болады.
i-balaqai talks жобасының барлық шығарылымын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және I-BALAQAI-дың YouTube-арнасынан көруге болады.
Massaget