- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар Жаңа жыл...
Қазақстандықтар Жаңа жыл күндері жедел жәрдем қызметіне 56 мыңнан астам рет жүгінген
Қазақстандықтар Жаңа жыл күндері жедел жәрдем қызметіне 56 мыңнан астам рет жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мың болды, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түсті.
Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматыда 5800, Алматы облысында 5000-нан астам, Түркістан облысында 460-тан астам және Астанада 4000-нан астам шақырту, Шымкентте 3000-нан астам шақырту болды.
Жалпы, осы күндері 150 мыңнан астам халқы бар елді мекендердегі көпбейінді ауруханалардың жанындағы 80 травматологиялық пункт шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді.
"150 мыңнан аз халқы бар елді мекендерде аудандық (166), қалалық (75) ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі. Жаңа жылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан