Қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен соң рейстерінің уақытын нақтылауы қажет

Қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен соң рейстерінің уақытын нақтылауы қажет
Фото: pixabay.com

Көлік министрлігінде Қазақстанның барлық аумағында 5-уақыт белдеуін қолдану бойынша кеңес өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе компаниялары мен әуежайларға жолаушыларды уақытылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілді.

Осыған байланысты Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:01-ден басталатын (Астана уақыты бойынша) рейстер бойынша нақты ақпаратты әуекомпаниялардың сall-орталықтары мен арнайы қосымшалары арқылы, сондай-ақ әуежайлардың анықтамалық қызметтерінен нақтылау қажет.

Кеңеске Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, "Қазаэронавигация" РМК, отандықәуежайлар, "Эйр Астана", FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Turkish Airlines, FlyDubai әуе компаниялары және елімізге келетін әрі елімізден шығатын тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын басқа да шетелдік тасымалдаушылардың басшылары қатысты.

Еске салайық, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында 5-уақыт белдеуі қолданылады. Осылайша, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа шегеріледі (Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ., Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстары).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан