Қазақстандықтар биыл жазда қай елге көп барды?

Қазақстандықтар Түркияға сапарларының саны бойынша рекорд жаңартты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DATA HUB деректеріне сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, жазда Түркия жағажайларында демалу бағасы айтарлықтай өсті. Маусымның қорытындысы бойынша олар жылдық мәнде – 28,5 пайызға, шілдеде – 35,5 пайызға, тамызда – 39,3 пайызға көтерілді. Мұндай қымбатшылық қазақстандықтарды тоқтатпаған.

Жуырда Түркияның мәдениет және туризм министрлігі елге келген шетелдіктер туралы жаңа статистика жариялады. Маусым-тамыз аралығында Қазақстан Республикасының азаматтары Түркияға 440,4 мың рет кірген.

Қазіргі нәтиже былтырғыдан тек 7 пайызға көп емес, сонымен қатар 2014 жылдан бергі жаз айлары үшін ең жоғары нәтиже болды.

"Бұл – елге кіру статистикасы. Сондықтан қазақстандықтар Түркияда қанша уақыт болғаны және не үшін барғаны белгісіз. Бірақ 2022 және 2023 жылдардағы мәліметтер негізінде ең танымал бағыт Анталия екенін болжай аламыз", – деп жазылған мәліметте.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!