Қазақстандықтар Бекетаевқа қатысты сот процесінің онлайн өтуін талап етті

Қазақстандықтар Әділет министрлігін басқарған Марат Бекетаевқа қатысты сот процесінің онлайн өтуін талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы белгілі адвокат Айман Омарова жазды. 

"Сот процесінің онлайн өткенін қалаймыз!!! Бұл халыққа, әсіресе адвокаттар мен заңгерлерге қызық. Марат Бекетаев Әділет министрлігін 10 жыл басқарған!", - дейді Омарова. 

Еске салайық, бұған дейін Антикор Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрін (Марат Бекетаевтың - еск.) лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!