- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар ата-анасына қандай...
Қазақстандықтар ата-анасына қандай көмек көрсетеді?
Қазақстандық қоғамдық даму институты өкілдері қазақстандықтардың ата-анасына қандай көмек көрсететінін білу мақсатында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осы мақсатта сауалнамаға қатысқандарға "Сіз ата-анаңызға қандай көмек түрін көрсетесіз" сұрағы қойылды. Қазақстандықтардың 35 пайызы үй шаруасына жәрдемдесетінін, қалған үштен бір бөлігі, 33,6 пайызы материалдық қолдау көрсететінін айтты.
Шамамен 5 пайыз адам ата-анасының демалысқа, шипажайға және емделуге жұмсайтын шығындарын өтеп береді. Айта кетейік, сауалнамада "барлық жағынан көмектесемін" деп 0,4 пайыз адам белгілесе, "моральдық қолдау көрсетемін" 0,3 пайыз, ал 0,9 пайыз "жауап беруге қиналған".
Ескертпе: Сауалнамаға қатысқандар саны - 1200 адам. Көрсеткіштердің жиынтығы 100 пайызға тең емес, өйткені респонденттерге таңдау үшін жауаптың бірнеше нұсқасы берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек