- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы ұшақ апаты
Қазақстандықтар Астанадағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын апарып жатыр
Қазақстандықтар Астанадағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын апарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске алу шараларына Әзербайжан диаспорасының өкілдері мен Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отандастарына көңіл айтуға келген астаналық тұрғындар қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау маңында орын алған Azerbaijan Airlines әуе апаты салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен отбасыларына қайғыра көңіл айтты.
Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді және апаттың себептерін мұқият тергеуді тапсырды.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Embraer 190 жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйға ұшып бара жатып, Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, олардың 32-сі, оның ішінде екі бала аман қалып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала ақпарат бойынша апатқа құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін, бұл экипажды апатты қондыруға мәжбүрлеген. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары мен оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстан мен Әзербайжан билігі апат себептерін анықтау үшін бірлесе жұмыс жасап жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет