Нурдагы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖ министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алды және атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!