Қазақстандықтар Астана күніне орай 4 күн демалады

Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі "2023 жылы демалыс күнін кейінге қалдыру туралы" қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда күніне қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде бес күндік жұмыс аптасында демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеде болады. Сонымен қатар, 28 маусым күні Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні атап өтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!