• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстандықтар анықтама мен медициналық қызмет үшін артық төлеген: іске прокуратура араласты

Қазақстандықтар анықтама мен медициналық қызмет үшін артық төлеген: іске прокуратура араласты
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысының прокуратурасы денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқығы қорғалуына талдау жасады. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойыл ауданында ақылы медициналық қызмет құны негізсіз қымбаттатылған.

"№073/е анықтамасы (көлік басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған. Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтер негізсіз енгізілгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек аурухана қажет диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.  

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде №073/е бағасы 6 000 теңгеге, №075/е бағасы 5 000 теңгеге, №076/е бағасы 9 000 теңгеге төмендетілді. Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget