• 515.11
  • 490.7
  • 5.16

Қазақстандықтар Антальядан үй сатып алғандар рейтингінде ондыққа кірді

Қазақстандықтар Антальядан үй сатып алғандар рейтингінде ондыққа кірді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Кейінгі бес жылда (2017-2021 жылдары) Антальядан шетелдіктер 41,7 мың тұрғын үй нысанын сатып алған. Оның ішінде қазақстандықтар да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркияның оңтүстігінде жылжымайтын мүлік сатып алғандардың үштігінде Ресей, Иран және Германия бар. 

Helmann компаниясының төрағасы Селман Озгюнның айтуынша, Анталья - жылжымайтын мүлікке инвестиция үшін ең қолайлы аймақтардың бірі. Бұл көрсеткіш бойынша Анталья тек Ыстамбұлдан кейінгі орында. 

"2017-2021 жылдар аралығында ел бойынша 206 768 жылжымайтын мүлік сатып алынған, оның 20,2 пайызы Антальядан алынған үйлер. Жалпы, кейінгі бес жылда Түркияның туристік астанасында 41 715 жылжымайтын мүлік сатылған. Оның 7 978-ін ресейліктер, 4 396-сын ирандықтар және 3 848-ін германиялықтар сатып алған", - дейді Озгюн. 

Сонымен қатар, ондықта Қазақстан, Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания мен Дания бар. Инвесторлардың көбі Еуропа елдерінен.  

С. Сатыбалдина