Қазақстандықтар алкогольдік сусынға айына 1,5 мың теңге жұмсайды

Қазақстандықтар алкогольдік сусынға айына 1,5 мың теңге жұмсайды
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда алкоголь нарығы өсіп жатыр. Биылғы жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың алкогольдік ішімдіктерге жұмсайтын шығыны 13,1%-ға артқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылы екінші тоқсанда алкогольдік ішімдікке ең көп ақшаны Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жұмсаған. Егер республика бойынша шығыстың жалпы көрсеткіші 1,5 мың теңге болса, онда ШҚО-да ол 2,2 есе көп, яғни 3,4 мың теңге. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарының да отбасылық бюджетте шығысы жоғары деңгейде - 3,1 мың теңге. Бұл сомаға қарағандылықтар (2,9 мың теңге) мен алматылықтардың (2,8 мың теңге) шығындары жақын. Алкогольге ақшаны басқа өңірлерден әлдеқайда аз жұмсайтын аймақтардың ішінде оңтүстік және батыс бар. Алькогольдік сусынға шығыны ең аз өңір ол - Маңғыстау облысы.

Ал бағаның өсуі негізінен күшті алкогольдік сусынды сату көлемінің өсуіне байланысты. Бірінші жарты жылдықта еліміздің дүкендерінде коньяк - 2,4 есе, арақ - 29,4 пайызға, түрлі ликерлер мен шарап көп сатылған. ҚР Аспирі Ұлттық статистика бюросының мамандарының айтуынша, шампан (минус 3,2%) және сырадан (минус 6,2%) басқа барлық позицияның сатылу көлемі өскен. Сатылған алкогольдік сусынның жалпы көлемін есептесек, 425,7 миллион литр шығады.

Сатылу көлемі артпағанына қарамастан, Қазақстанда барлық алкогольмен салыстырғанда сыра тез қымбаттайды. Мұндай тұжырымды алкогольдің әр түрінің тұтыну бағаларының индекстерін қадағалау арқылы жасауға болады. Мысалы, тамызда арақ былтырғы жазбен салыстырғанда 10,1 пайызға, шарап 13,1 пайызға, сыра бірден 23,5 пайызға қымбаттаған.

Сурет EnergyProm.kz

Тағы да оқи отырыңыздар: Онкологияның қай түрін толық емдеуге болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә