Қазақстандықтар алаяқтарға 17 миллиард теңгесін беріп, алданып қалған

Қазақстандықтар алаяқтарға 17 миллиард теңгесін беріп, алданып қалған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар алаяқтарға 17 миллиард теңгесін беріп, алданып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда түрлі мәселені шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайы және алаяқтық жиілеп кеткен.

"Кейінгі үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық деректері бойынша 600-ден аса қылмыстық іс болған. 313 адам сотталды.

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық іс бар", - делінген хабарламада.

Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден асады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова