- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ақша туралы
Қазақстандықтар ақшасын қалай сақтайды? Зерттеу
Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден аса қаражатты шетел валютасында сақтайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың ел банктеріндегі шетел валютасындағы салымы 5,3 трлн теңгеге жеткен. Бір жыл ішінде бұл сома өзгермеген.
"Екінші деңгейлі банктердегі халықтың шетел валютасындағы салымдарының динамикасы әртүрлі факторға байланысты. Біріншіден, мұндай салымдар табыс табудан гөрі жинақтау құралы ретінде қызмет етеді. Тиісінше халық өнімнің тиімді шарттарына емес, қаржы институтына деген сенімге баса назар аударады. Екіншіден, банктердегі салымдардың динамикасы ұлттық валюта бағамының жағдайына, сондай-ақ халықтың болашақ бағам туралы болжамдарына байланысты", - дейді сарапшылар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова