Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша ақша жұмсайды?

2023 жылы қазақстандықтар көліктеріне VIP нөмір алу үшін 10 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ал 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 миллиард теңгеден асқан.

Айта кетейік, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген еді. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері - ең жылдам сатылған нөмірлер. Әр нөмірдің бағасы - 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге).

"VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады. Жалпы 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан аса көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілді", - деп жазылған азаматтарға арналған үкімет сайтында.

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!