Қазақстандықтар "QosLike" пен "Қалаулымға" тыйым салуды талап етті

Қазақстанда QosLike және "Қалаулым" сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петицияда жанжал мен басқа да келеңсіз әрекеттерге толы бағдарлама хайп пен рейтингіні арттыру үшін жағымсыз эмоция сыйлайтыны айтылған. 

"Бұл бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсат жоқ", - делінген мәтінде.

Петиция авторы мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтады. Бұл петицияны 100-ден аса адам қолдап үлгерген. Петиция кеше сағат 17:53-те жарияланған. 

Айта кетейік, Qoslike -Қазақстандағы реалити-шоулардың бірі. Онда жұбы жоқтар танысады.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз