Қазақстандықтар 1414 нөмірінен SMS ала бастады: оны ашуға бола ма?

Қазақстандықтар 1414 нөмірінен SMS ала бастады: оны ашуға бола ма?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының сайты бұғатталғанын жаза бастады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, 1414-тен келген SMS жалған емес. 

"Бұл хабарлама eGov-mobile қосымшасында тіркелмеген қолданушыларға жіберілген. eGov-mobile қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда сауалнама толтыру үшін, сондай-ақ жаңалықтарды бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жібереді", - делінген хабарламада. 

Яғни сілтемеге өтіп eGov-mobile қосымшасын орнатып алуға болады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина