Қазақстандықтар 14 ақпанды тойлай ма? Сауалнама жүргіздік

Бүгін - Әулие Валентин күні. Бұл күнді кей қазақстандықтар ғашықтар күні ретінде тойлап жүр. Алайда Қазақстанда бұл мейрамды 15 сәуірде де тойлайтындар бар. Бұл күн "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" деп аталып кеткен. Massaget.kz редакциясы бұл күнге қатысты қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізді. 

Алматылықтың көбі бұл күнді тойламайтынын айтты. Олар бұл христиан мерекесі, оның орнына ресми бекітілген "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" тойлайтынын айтты.

"Мен Әулие Валентин күнін тойламаймын. Бұл менің діни көзқарасыма байланысты емес, тек біздің отбасыда бұл мерекені тойлау әдетке айналмаған", - дейді алматылық тұрғын Тұрсынбек.

Ал алматылық Алуа бұл күні жігітінен раушан гүлін күтетінін алға тартты. 

"Мен Әулие Валентин күнін тойлаймын. Қызыма гүл алу керек, қуанту керек дегендей. Тойламаймын дегендер өздері біледі ғой", - дейді тағы бір алматылық жігіт. 

Massaget.kz редакциясы Instagram-парақшасында қазақстандықтар арасында "Бұл күнді тойлай ма" деп сауал жолдады. 230 адам "тойламаймын" деп, ал 14 адам "тойлаймын" деп белгілеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!