Астананың киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде қала тұрғынының алаяқпен сөйлескен сәтін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алаяқ өзін оператор ретінде таныстырып, қазақстандық әйелдің атына сәлемдеме келгенін, оны курьер жеткізіп беретінін айтқан.
Алайда жіберуші ретінде әйелдің 9 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің аты аталған.
"Мен сізге әкемнің қайтыс болғаны туралы куәлігін көрсете аламын. Алдамас бұрын, алдымен бұл адам тірі ме, жоқ па, соны "тексеріп" алыңыздар. Ол 9 жыл бұрын қайтыс болды. Ұят болу керек қой", – деп әйел жауап берген.
Осыдан кейін қоңырау үзілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көктемде қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа схемасы туралы ескертілген. Белгісіз адамдар өздерін "Қазпошта" қызметкерлеріміз деп таныстырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz