- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық зағип жігіт...
Қазақстандық зағип жігіт Андрей Малаховтың шоуында ән айтып, ресейліктерді таңдай қақтырды
Қарағандылық әнші, музыкант Кенжебек Нұрдолдай "Песни от всей души" бағдарламасы редакциясының шақыруымен Мәскеуде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші бағдарламада Мүсілім Магомаевтың "Мелодия", "Браво" тобының "Любите, девушки" әнін шырқады.
21 жастағы жігіттің айтуынша, ол Магомаевтың әндерін бала кезінен жақсы көреді.
"Ән айтқанды бала кезімнен жақсы көремін. Алты жасымда магнитофонға қосылып ән айтатынмын. Менің талантымды байқаған әкем түрлі байқауларға қатыстырып, қолдау білдіре бастады", - деп еске алады қарағандылық.
Оның орындауындағы әндер көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, тамаша әсер қалдырды. Бағдарлама қонақтары мен қатысушылары алған әсерлерін жасырмады.
Бағдарламадан кейін Андрей Малахов жігітке құны 2 миллион теңге тұратын кәсіби микрофон сыйлады.
Қазір қазақстандық Мәскеуде. Бұған дейін оның America's Got Talent шоуына қатысуға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.
@an.19844 #песниотвсейдуши #рекомендации❤️ ♬ оригинальный звук - an.19844
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова