Қазақстандық волейболшылардың бірі карьерасын Еуропада жалғастырады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Сана Анарқұлова Сербияға көшпекші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ-тың хабарлауынша, 34 жастағы қазақстандық волейболшы сербиялық "Уб" волейбол клубына ауысады.

 "Түркістандық "Тұран" құрамындағы ел чемпионы карьерасын сербиялық "Уб" клубында жалғастырады, алдыңғы маусымда Сананың болашақ клубы он екі команда арасындағы тұрақты чемпионатта бесінші орын алған болатын", - деп хабарлады insvolley.kz.

Сондай-ақ Анарқұлова маусымды Қазақстанда аяқтап, қазан айында өтетін клубтық Азия чемпионатынан кейін жаңа командаға қосылуды жоспарлап отырғаны хабарланды.

Айта кетейік, Сана Анарқұлова Таиландтың "Накхонратчасима" командасы сапында волейболдан клубтық Азия чемпионатында жеңіске жетті, сондай-ақ Қазақстан құрамасында ойнап, Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!