Қазақстандық Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісін алды

Қазақстандық Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісін алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық қазы Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісіне ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ақтөбелік Саменкова еліміздің батыс аймағынан алғашқы болып осындай халықаралық санатқа қол жеткізді.

Қола белгісі бар төрешілер WTA челленджерлері мен жарыстарында, АТР додаларының бастапқы сатысында, "Үлкен дулыға" турнирінің іріктеу сайыстарында, сондай-ақ жұптық матчтар мен микстерде қазылық етеді.

Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санаты бар халықаралық дәрежедегі төрешілер қатарына Қазақстаннан Юлия Игнатченко, Меруерт Каукеева, міне, енді Владлена Саменкова қосылды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан