Әлеуметтік желілерде Дананг қаласында болған төбелеске қатысты видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан "Страха нет" деген жазуы бар ақ жейде киген шетелдіктің бірнеше адамға соққы жасап жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушілердің бірі есінен танып, тырысып қалған.
Бастапқыда Reddit қолданушылары оның киіміндегі орысша жазуға қарап, ер адамды ресейлік деп ойлаған. Алайда кейін пікірлерде оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені айтыла бастады. Бұл нұсқа Вьетнамдағы қазақстандық экспаттар чаттарында да талқыланды. Қазіргі уақытта бұл видео Reddit платформасынан өшірілген.
Reddit қолданушыларының айтуынша, оқиға түнгі сағат 3 шамасында 50decibel барының жанында болған.
Ақ жейде мен басына орамал таққан ер адам, куәгерлердің айтуынша, мекеме ішінде жанжал шығарып, бір келушіні ұрған. Оны сыртқа шығарып жібермек болғанда, ол көшеде өтіп бара жатқандарға шабуыл жасауын жалғастырған.
Қақтығысқа қатысушының нақты кім екені әзірге анықталмады, алайда қазақстандық қауымдастықтарда ер адамның әрекеті сынға ұшырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Вьетнам билігінен бұл оқиғаға қатысты қазақстандық дипломаттарға әзірге ешқандай ресми ақпарат түспегенін хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!