- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық ұшақ Лондонға...
Қазақстандық ұшақ Лондонға дүлей дауыл кезінде қонды: видео
Лондонның Хитроу әуежайына қазақстандық әуе компанияның ұшағы әрең қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
BBC News Instagram-дағы парақшасында ұшақтың "қауіпті жағдайда" қонған сәтінің видеосын жүктеді.
Видеодан борт қонуға жақындаған кезде желдің екпіні оны бір жақтан екінші жаққа қарай қалай теңселеткенін көруге болады.
"Эйр Астана" компаниясы видеоға қатысты түсінік берді. Компанияның мәліметінше, бұл 2024 жылғы 2 қаңтарда болған. Алматы - Лондон рейсі бойынша ұшқан A321LR ұшағы боранды ауа райында аман-есен қонды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"2024 жылғы 2 қаңтарда әуе компанияның ұшағы Лондонға (Хитроу) қонатын кезінде жылдамдығы сағатына 67-90 шақырым болатын екпіні күшті жел соқты, бұл жер бетіне жақын жерде турбуленттіліктің күшеюіне себеп болды, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Британиялық БАҚ-тың хабарлауынша, дауыл Ұлыбританиядағы барлық көлік түріне айтарлықтай кедергі келтірген. Атап айтқанда, Лондонның Хитроу әуежайында бірнеше рейс басқа әуежайларға қонуға мәжбүр болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан