Қытайдың астанасы Пекин қаласында қазақстандық туристер сауда үйлерінің бірінде ілініп тұрған Қазақстанның жыртық туын ауыстыртқызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 7news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.
Туды ауыстыруға Ерзат Кәрібай есімді азамат себепкер болды. "Еліміздің туының жыртылып қалғанын көрген кезде көңіл-күйіміз түсіп кетті. Бірден сауда үйінің әкімшілігіне барып, наразылығымызды білдірдік. Әкімшіліктегі адамдар бізден кешірім сұрап, жарты сағаттың ішінде жыртық туды жаңасымен алмастырды", - дейді шетелде қыдырып жүрген жас жігіт.