Қазақстандық тиктокер Даша Дошикке (лақап аты) Ресейде іс қозғалуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Тиктокер әрі әнші Даша Дошик Ресейдің салық заңнамасын айналып өтпек болды деген күдікке ілігіп, салықтық тексеріске тап болуы мүмкін.
23 жастағы Дарья Перова (әртістің шын аты-жөні) Қазақстанның тумасы.
"Оны Ресеймен бизнес байланыстырады, бірақ барлығы ережеге сай емес. Ол салық органында тіркелмеген, дегенмен үнемі концерт береді. Барлық шараларын жеңілдетілген салық режимі бар ЖК ретінде тіркелген көмекшісі арқылы ұйымдастырады. Осылайша, қоғам белсенділерінің пікірінше, табысынан 30 пайыздың орнына алты пайыз ғана салық төлейді. Бір концертінің құны 1,7 миллион тұрады", - деп хабарлайды интернет-басылым.
БАҚ мәліметінше, оған әкімшілік жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Ал үш жыл ішінде төленбеген салық сомасы 2,7 миллион рубльден асқан жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!