- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық теннисші Уимблдон...
Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол "Үлкен Дулыға" сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина 18-орындағы румыниялық Симона Халеппен кездесті.
37 минутқа созылған бірінші сетте Рыбакина 6:3 есебімен жеңді. Бұл сетте қазақстандық теннисші бір брейк жасады. Екінші сетте де Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, Рыбакина финалға шықты.
Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Е. Төлеш