Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасынан басым түсті

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасынан басым түсті
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы - америкалық Бен Шелтонды жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы (рейтингте 84-орында) қарсыласын үш сетте басып озды - 6:7 (3), 7:6 (3), 6:3.

Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.

Турнирдің үшінші айналымында Александр әлемнің 34-ракеткасы - франциялық Уго Умбермен кездеседі.

Айта кетейік, бірінші айналымда қазақстандық әлемнің 101-ракеткасы - италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебімен жеңген болатын.

25 жастағы теннисші Александр Шевченко 2000 жылғы 29 қарашада туған, 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингте өзінің ең жоғары нәтижесіне жетіп, топ-45 қатарына енді. Ал алдыңғы "Үлкен дулыға" турнирі - Australian Open-де алғаш рет екінші айналымға шығып, жеке рекордын жаңартты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget