Қазақстандық теннисші карьерасындағы алғашқы финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші карьерасындағы алғашқы финалында жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 325-ракеткасы, 22 жастағы қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен "Челленджер" финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 311-ракеткасы, эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 7:5.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет "Челленджер" турнирінің финалына дейін жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан