Territima лақап атымен танымал қазақстандық блогердің үйі өртеніп кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл жағдайды баяндап, Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Блогер осы сәтте үйінде болған, дереу өртті сөндіруге кіріскен. Оның өзі де мұның неден болғанын білмей отыр.
"Шок болдым ғой. Неден болғанын түсіне алар емеспін... Қалай ойлайсыздар?", - деп жазды блогер.
Ол оқырмандарына бұл жағдайға себеп болуы мүмкін бірнеше нұсқаны айтқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!