- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық Таиландта кісі...
Қазақстандық Таиландта кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді - БАҚ
Пхукет әуежайында кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен Қазақстан азаматы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Phuket Express басылымына сілтеме жасап.
Иммиграция таиландтық БАҚ-қа күдікті Пхукет халықаралық әуежайының терминалында ұсталғанын хабарлады.
"Шетелдік 49 жастағы Қазақстан азаматы Артур Легай екені анықталды. Күдікті кешеден бері, яғни оқиға орнынан қашып кеткеннен кейін іздеуде болды", - деп жазылған басылым деректерінде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 44 жастағы Дмитрий Алейников - Пхукеттегі танымал мейрамханалардың бірінің иесі. Ол Чернг Талай ауданында орналасқан кафенің алдында тұрған көлікте отырған кезде мотоциклмен белгісіз адам оған жақындаған. Күдікті алдыңғы әйнекке бірнеше рет оқ жаудырған, кейінірек полиция одан төрт оқ-дәрі тапты.
Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, оған ота жасалды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады.
БАҚ мәліметінше, қылмысқа күдікті қазақстандық елден кетуге тырысқан. Қазақстан СІМ Таиланд билігінен осы жағдай бойынша ресми ақпарат күтіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова