Қазақстандық тағы бір теннисші Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды

Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына қатыспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталды. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үмірт арқан едік, өкінішті", - Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарынан бас тартқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!