Қазақстандық таеквондошылардың Париждегі алғашқы қарсылаcтары белгілі болды

Қазақстандық таеквондошылардың Париждегі алғашқы қарсылаcтары белгілі болды
Фото: olympic.kz

2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды. Қазақстандық атлеттердің алғашқы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу ертең, 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді. 

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан