Қазақстандық таеквандошы Париждегі Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таеквандошы Париждегі Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясы турнирінде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйелдер арасында -57 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Мария Севостьянова 3-орын алды. Ол алғашқы жекпе-жегінде тайпэйлік Вей Чун Линді 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін мажар спортшысы Лука Патакфалвиден де 2 кезеңде басым түсті.

Жартылай финал үшін болған жекпе-жекте Севостьянова өзбек спортшысы Мадина Марабзалoваны 2:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Мария Клара Пачекодан (Бразилия) жеңіліп қалды. Есеп: 0-2.

Енді осы маусымдағы Гран-придің финалы келесі айда Астана қаласында өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget