Қазақстандық студенттерге білім беру кредиттері беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандықтардың жоғары білім алуға қолжетімділігін арттыру үшін сараланған гранттар жүйесін енгізуден басқа, жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті білім беру кредиттерін алу мүмкіндігі де беріледі.
Қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмысты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеп жатыр.Бұл бастама Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордан балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына қаражат аудару тапсырмасы берілген Жолдаудан берген тапсырмаларына жауап береді", - делінген хабарламада.
Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сомалар білім алуға пайдаланылуы мүмкін екені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!