Қазақстандық стендап-комик қамауға алынды

Қазақстандық стендап-комик қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, мамыр айының басында Қазнетте дау туған болатын. Мадлен лақап атымен белгілі блогер Мадинахон Мамадалиева әзілкеш Нұрасхан Басқожаев стендап кезінде оның ар-намысына тиетін сөздер айтқанын мәлімдеген болатын.  

Стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!