Қазақстандық спортшы стенд атудан Париж Олимпиадасының іріктеуінен өте алмады

Франция астанасындағы Олимпия ойындарында стенд атудың скит бағдарламасында ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ещенко бүгінгі мүмкіндіктерді қосқанда 115 ұпай жинап, финалға шыға алмады. Ол барлығы 10 рет мүлт кетті.

Енді кешке жақсы нәтиже көрсеткен 6 спортшы финалда жүлдеге таласады.

Бүгін әйелдер арасында Әсем Орынбай жекелей сындағы іріктеуді бастады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз