Қазақстандық спортшы Жанна Мамажанова Франциядағы жартылай марафонда топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында айтты.
"Франция жартылай марафонындағы жеңіс. Бұл керемет тәжірибе болғаны сөзсіз. Арақашықтық бойы темпті ұстауға тырыстым, жарты жолды жүгіріп өткеннен кейін үшінші болып келе жаттым. 18-шақырымға қарай қыздарды басып озып, жылдам жүгіре бастадым. Бүгінде жарысуға күшім жететін қалыпта екеніме қуаныштымын. Маусым әлі біткен жоқ. Көріскенше", - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Жанна Мамажанова - Қазақстан тарихындағы ең жылдам қыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!