Қазақстандық шоуда Асқар Жүнісбековті танымай қалған әнші ұрыс естіп қалды

Қазақстандық шоуда Асқар Жүнісбековті танымай қалған әнші Нұргүл Нұғманова қазылар мүшесі сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында болған. 

"Бұл бағдарламаның сәні әділ қазылар ғой. Мұндай үлкен бағдарламаға келе тұра адамды танымаймын деген өте дұрыс емес нәрсе. Неге? Себебі сіз бағдарламаға келе жатырсыз, екі-ақ адамға әділ қазі боласыздар. Соның арасында кімге әділ қазі болайын деп жатырмын деп ойланбайсыздар? Асқардай азаматты танымадым деген нәрсе өте ыңғайсыз нәрсе болды. Асқарды білмеу – мен үшін ұят болып қалды", - дейді продюсер Ақылбек Досжанов.

Асқар Жүнісбековті танымай қалған Нұргүл Нұғманова кешірім сұрады.

"Ойымда не бар, соны айттым. Білмегеннен кейін айттым", - дейді Нұғманова.

@95ayaaa

♬ оригинальный звук - АККАУНТ САТЫЛАДЫ

Асқар Жүнісбеков те "мен Элтон Джон немесе Майкл Джексон емеспін ғой", - деп қысқа қайырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!