Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар 20 қазанда таңертең Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,9 болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес жер сілкінісі Астана уақытымен 05:56-да Қытай аумағында болған. Карта мәліметіне сүйенсек, жерасты дүмпуінің эпицентрі Қазақстан шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 340 шақырым жерде орналасқан.

Google Maps

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Алматыда бірнеше сағат аралығында бірден үш жер сілкінісі болған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget