Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес жер сілкінісі 2 сәуірде Астана уақытымен сағат 4:28-де болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы - 4,9.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институты мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Өзген қаласынан 3 шақырым, Құршаб ауылынан 5 шақырым, Қарасу қаласынан 30 шақырым және Ош қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.
Елді мекендерде жер сілкінісі былай сезілген:
- Өзгенде, Мырза-Арық және Қарауыл ауылдарында шамамен 4,5 балл;
- Құршаб, Мырза-Әке, Қызыл Маяк және басқа да ауылдарда 4 балл;
- Қарасуда, Отуз-Адыр, Құрбы-Таш, Ничке-Сай, Сәлем-Әлік ауылдарында 3,5 балл;
- Ош, Манас, Көк-Жаңғақ қалаларында 3 балл.
Еске салайық, 31 наурызда Жетісу облысында бірден үш жер сілкінісі болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова