Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің SOME ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 06:21-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,4 болды. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек