Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Оқиға Алматыдан 849 шақырым жерде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV - 5.3. Тереңдігі – 30 шақырымда.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!