Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шпагамен семсерлесуден командалық турнирдің шешуші кездесуінде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесті. Тартысқа толы өткен жекпе-жек 43:42 есебімен қазақстандықтардың басымдығымен аяқталды.
Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов алтын жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азиадада семсерлесуден Қазақстан құрамасы бұған дейін үш медаль жеңіп алған болатын: Артем Саркисян саблядан қола жүлдегер атанса, Кирилл Проходов рапирадан күміс еншіледі, ал шпагамен семсерлесуден әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Енді семсерлесушілер командасы Қазақстан қоржынына семсерлесуден төртінші, ал Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарындағы оныншы алтын медальді салды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз