Қазақстандық Ресейдегі әскери комиссариаттан шақыру қағазын алған

Санкт-Петербургте Қазақстан азаматына әскерге шақыру қағазы тапсырылған. Бұл ақпаратты СІМ растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Ленинград облысының өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында Санкт-Петербургте тұратын 31 жастағы қазақстандық өз ауданының коммунал қызметтерінен әскерге шақыру қағазын алғаны туралы ақпарат пайда болған еді. БАҚ мәліметінше, қазақстандық Ресейде 2013 жылдан бері тұрады, ол 2017 жылы тұруға рұқсат алған. Бірақ қазақстандық азаматтығын өзгертпеген. Қазақстандық төлқұжатын көрсетіп, қандай да бір құжаттарға қол қоюдан және әскери комиссариатқа келуден бас тартқан. Оның орнына ол консулдыққа жүгінген.

Сурет: 47news.ru

СІМ Қазақстан азаматынан өтініш түскенін растаған. Оның азаматтығын растайтын құжаты да бар. Қазір ақпарат екі елдің базаларында тексеріліп жатыр.

"Мұндай жағдайлар болады, базаларда кейбір сәйкессіздіктер болуы мүмкін. Мысалы, адам Ресейде тұрады, оның тұруға рұқсаты бар. Тұруға ықтиярхат - азаматтық емес, оның Қазақстан азаматтығы әлі де бар. Шамасы, базада қате кетті. Мұндай жағдайда ҚР азаматы өз құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе елшілікте оның Қазақстан азаматы екеніне тағы бір рет көз жеткізе алады. Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ, оның Қазақстан азаматы екенін заңды түрде дәлелдеу қажет", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация туралы жариялады және тиісті жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!