Қазақстандық полицейлерге смартфон қолдануға тыйым салынды

1 сәуірден бастап ҚР ІІМ-де смартфон қолдануға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. 

"Шешім қабылданды. Ол премьер-министрдің кеңсесімен мақұлданды. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында жұмысқа планшеттер мен смартфондарды әкеле алмайды. Бірқатар меморганда бұл енгізіліп қойылды, көбінде 1 сәуірден кейін, 4 сәуірден бастайды. Ішкі тәртіп ережелері бар. ҚР Ішкі істер министрлігіне қатыстысы - 1 сәуірден бастап біз қызметкерлерімізге жұмысқа смартфон және планшетпен келуге тыйым сала бастаймыз. Барлығымыз, басшылықтан бастап, қарапайым телефондарды сатып алдық, онда Интернетке кіруге мүмкіндік жоқ", − деді Лепеха.

"Бұл бірқатар маңызды құжаттың WhatsApp-та таралуына байланысты. Сондықтан осындай шешім қабылданды", − деді ол. 

Дереккөз:Tengrinews.kz