Қазақстандық парашютшілер Азия және Океания чемпионатында рекорд орнатты

Қазақстандық әскери қызметшілер, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері спорттық парашюттік командасының өкілдері, Азия чемпионатымен бір уақытта өткізілген Азия мен Океанияның XVII чемпионатының халықаралық сайыстарына және әскери парашюттік спорттан Қытайдың ашық ұлтаралық чемпионатына қатысты.

Қазақстан парашюттік командасының басшысы майор Леонид Дудкиннің басшылығымен Әуе қорғанысы күштерінің спорттық парашюттік командасы бұл жарыстарда Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасын жоғары деңгейде көрсетті.

Әлемнің 14 елінен жиналған командалар екі додада жарысқа түсті: классикалық парашютизм – жеке сынақта жерге қону дәлдігіне арналған секірулер және жеке парашюттік акробатика, сондай-ақ күмбезді парашюттік акробатика – 4 парашютшінің ротациясы.

Қытай мен Азия және Океания ашық ұлтаралық чемпионатының чемпиондары атағын күмбезді парашюттік акробатика командасы иеленді. Әскери қызметші капитан Азамат Әбдірайымов, прапорщик Арсений Тарабаев, старшина Андрей Томилин, Денис Новицкий және ҚР ҚК қызметкері Александр Терентьев бірінші орынды қанжығасына байлап, IMEKS сынағында Қытайдың ашық ұлтаралық чемпионатының чемпиондары атанды.

Команда 5 алтын медаль, 10 күміс медаль және 2 кубок алды.

Аталған чемпионатта ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Парашюттік дайындық орталығының жеке құрамы күмбезді парашюттік акробатика (4 парашютшінің ротациясы) бойынша Азия және Океания чемпионатының рекордын орнатты. Қазақстандық парашютшілер «Катари» командасымен жиырма ротация орындады. Осы фигураны орындау кезінде парашютшілер бірінің артында бірі орналасып, кезекпен-кезек алмасып, орындарымен ауысады. Ротациядағы жарыстар кезінде 4 парашютші мен әуе операторынан құралған командалар қатысады. Берілген уақыт ішінде жарыстың барлық айналымы аяқталғаннан кейін ротацияны барынша толық орындаған команда жеңіске жетеді.

 Дереккөз:Bnews.kz