Танымал қазақстандық мобилограф Сәкен Қағаров өрмекші адам костюмінде жаңбырдың астында ерекше контент түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сізге қазақстандық өрмекші адам образы ұнады ма?" деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Өрмекші адам костюмінде жаңбырдың астында төңкеріліп тұрудың не екенін өзім түсініп, сезініп көрейін деп шештім. Достар, біздің жұмысымызды бағалаңыздар, әсіресе сахнаның артында қалған нәрселерді!", - деген Сәкен Қағаров сүйіктісі Айжұлдыз Адайбековмен түсірген ортақ жобасын жариялады.
Оқырмандар "Түпнұсқасынан да асып түсті", "Бұл Айжұлдыздың идеясы сияқты" деп жазып жатыр.
Айжұлдыз Адайбекованың өзі де "Ең үздік өрмекті адам, жаным сол" деп пікір қалдырған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!