Қазақстандық өнімдерді Netflix-ке орналастыруға ниеттіміз - министр

Қазақстандық өнімдерді Netflix-ке орналастыруға ниеттіміз - министр
Фото: pixabay.com

Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Netflix компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті. Кездесуде бірлескен ортақ жобалар жасау мәселелерін талқыланды.

"Жалпы компанияның зор әлеуетін ескере отырып, серіктестік орнатуға мүдделі екенімізді жеткіздім. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз.

Александр Лонг мырзаға кейінгі жылдары сапасы артып, деңгейі өскен отандық сериалдар өндірісі туралы айтып бердім.

Өздеріңізге белгілі, қазір елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шетелге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз", - деп жазған министр парақшасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек